"Ақмола обласы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Моховое ауылының негізгі орта мектебі" комуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Моховое отдела образования по Жаксынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні мерекесіне орай өткізілген «Мәңгілік елімнің-мәңгілік тілі» атты онкүндігінің есебі.

13.10.2020

Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні

мерекесіне орай өткізілген «Мәңгілік елімнің-мәңгілік тілі» атты

онкүндігінің  есебі.

              Моховое  негізгі мектебінде Тілдер мерекесіне байланысты біраз іс-шаралар мен жұмыстар жүргізілді. Іс-шара жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысып, жұмыла жұмыс жасады. 4-16 қыркүйек аралығында мектепте  онкүндіктің  жоспары құрылды.  Қазақ тілі пәнінің мұғалімі мен ағылшын тілінің мұғалімі  10 қыркүйек күні ««Тіл –достықтың алтын көпірі» атты  өлеңді жатқа оқу сайысын өткізді. Мектеп кітіпханашысы Аубакирова М.Т Тіл мерекесіне орай   «Абай-еліне саяхат» тақырыбына арнап көрме ұйымдастырды. 

   Қыркүйек айының  15 күні Торбаева Г.А мен Баганалинова Ж.Т «Дана Абай туралы не білеміз?»  викториналық,сөзжұмбақ,сұрақтар,ребус сайысын өткізді.  Қыркүйектің 8-де 1-4 сынып оқушылары арасында Жаменова Р.Р мен Торбаева Г.А  мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Қыркүйектің 5-16 аралығында  орыс тілі пәнінің мұғалімі Аубакирова М.Т «А.Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған» тақырыптық сағат өткізді. Оқушылар осы өткізілген іс-шараларға белсене араласып отырды.Барлық оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Осындай іс-шараларды өткізу барысында оқушыларымызға тілді ұлттық мұра ретінде сезіндіріп, тіл мәдениетін сақтай білуге, тілдің қадір-қасиетін бойларына дарыта аламыз. Оқушылардың еліне, ұлтына, тіліне  деген сүйіспеншілігін арттырамыз.

   Б.Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын,  дәстүрін,  мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс.

Просмотров: 244


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст