Текст
«Моховое негізгі мектебі» КММ 7-сынып оқушысы Мусурова Линара «Қазақстан балалары шекарасыз әлемде!» Балалар киносының республикалық фестиваліне қатысты.
Жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау мақсатында 2020 жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында «Қазақстан балалары шексіз әлемде» балалар киносының Республикалық фестивалі өтті. Фестивальді ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Фестивальді өткізу балалар мен жастардың бойында шығармашылық дүниетанымның қалыптасуына, балалар мен жастар аудиториясына бағдарланған кинофильмдерді (ойын, анимациялық, деректі) жасауға қызығушылықты арттыруға ықпал етті.
Біздің оқушы өз жұмысын «Әлеуметтік видео» аталымында ұсынды. Линара видеоға сертификат алды. Сертификат мектепте берілді.